Елордалық жастар волонтерлер қалалықтарға ыстық шай таратуды ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды жылыту үшін ондаған ерікті ерекше акцияға қатысты.
"Біз біргеміз" акциясы аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері автобус аялдамаларында астаналықтарға ыстық шайды тегін таратты.
Айта кетсек, бұл елордалық еріктілер тарапынан ұйымдастырылған алғашқы акция емес. Жыл басталғалы белсенді жастар мұқтаж жандардың үйін жинап, қар тазалады, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
#Bizbirgemiz акциясының мақсаты – жақсы істерді насихаттау, жылылықпен бөлісу. Шай тарату адамдар көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда "Шапағат" СҮ, "Тұлпар" СҮ аялдамалары ауданында өтті.