#BizBirgemiz волентерлері "Халық алғысы" медалімен марапатталды

661

"Birgemiz" қоры арқылы 550 мың мұқтаж отбасыға қаржылай қолдау көрсетілді.

#BizBirgemiz волентерлері "Халық алғысы" медалімен марапатталды

"Nur Otan" партиясының орталық аппаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен "Халық алғысы" бекіткен "Халық алғысы" арнайы медалімен "Biz Birgemiz" жалпыреспубликалық акциясының ең белсенді волентерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шара барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек соңғы бірнеше ай ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры арқылы 550 мың ең мұқтаж отбасыға тікелей қаржылай қолдау көрсетілгендігін айтты. 5 мыңнан астам маска тегін таратылды. "Nur Otan" партиясы мен Тұңғыш Президент қоры арқылы шамамен 300 мың отбасы азық-түлік және ең бірінші қажетті тауарлар алды. Оның атап өтуінше, осынау ауқымды жұмысты волентерлердің көмегінсіз атқару мүмкін емес еді.

"Бүгін маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан сіздерге "Халық алғысы" арнайы медалін табыс ету мәртебесі бұйырып тұр. Сіздер өздеріңіздің денсаулықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңізді тәуекелге сала отырып, бірнеше ай бойы мұқтаж қазақстандықтарға көмектестіңіздер. Түркістан облысының Мақтаарал ауданын су басқанда да зардап шеккен тұрғындарға көмектесу үшін ең бірінші аттанғандардың қатарында болдыңыздар. Сіздерге азаматтық белсенділіктеріңіз бен бауырмалдылықтарыңыз үшін рахметімді айтамын. Сіздердің басым көпшілігіңіз партияішілік праймеризімізге де белсене қатысатындықтарыңызға сенімдімін", - деді ол.

Волентерлерге Мемлекет басшысының атынан медальдармен қатар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген және қолтаңбасы қойылған лимиттелген футболкалар табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу