"Бізде бәрі керемет": Ерке Есмахан перзентханадан шығу сәтін неге көрсетпеді

4603

Әнші перзентханадан үйіне шыққан.

"Бізде бәрі керемет": Ерке Есмахан перзентханадан шығу сәтін неге көрсетпеді Фото: видеоскриншот

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтып, оқырмандарына бақытты кезеңінің бір бөлігін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспегенін түсіндірді. Өнер иесі алдағы уақытта барлығын айтып, көпшілікке көрсетуге уәде берді.

"Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап, кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір", – деп жазды әртіс. 

Айта кетейік, өнер иесінің бірінші некесінен Мүсілім есімді ұлы бар. Екінші рет жастар арасында кеңінен танымал әнші Raim-ға тұрмысқа шығып, ұлды болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу