"Бізде омикрон тіркелген жоқ"

1092

Ақтөбеде облыс әкімінің сөзін теріске шығарды.

"Бізде омикрон тіркелген жоқ"

Ақтөбе облысында "омикрон" штамының анықталғаны жөніндегі ақпаратты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жоққа шығарды. Қазіргі күні облыс "жасыл аймақтар" қатарында, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін 9 қаңтар күні өңірдегі бірқатар БАҚ өкілдерін қабылдап, жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі жағдай жөнінде сөйлеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин: "Тек қана соңғы тәуліктерде короновирус жұқтыған 70-ке тарта дерек тіркелді. Оның 30-ы "омикрон" штамы деген болатын. Алайда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі теріске шығарып, "ешкімге де ондай жалған мәлімет бермегендерін" жеткізді.

Ал 2022 жылғы 9 қаңтары бойынша Ақтөбе облысында бір тәулікте КВИ-мен ауырған 19 жағдай тіркелген. Оның ішінде ауру симптомдары бар – 14, симптомсыз 5 жағдай бар.

Жалпы облыста КВИ-мен ауырған 35 113 жағдай тіркеліпті. Қазіргі таңда үй карантиніне 182 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде екен.

Айта кетейік, бұған дейін 2021 жылғы желтоқсан айында мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысында "омикрон" штамы тіркелгені жөнінде ақпарат тарап, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оны "фейк" деп бағалаған болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу