ҚР АҚДМ: Бізде журналистер қудаланбайды

969

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров БАҚ туралы заң "тек жақсы жағына" өзгеретінін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ҚР АҚДМ: Бізде журналистер қудаланбайды

Бүгін үкімет отырысынан кейін министр журналистер сауалына жауап берді. Тілшілер "шетелден қаржыландырылатын БАҚ Ресейдегі тәрізді "шетелдік агент" аталып, қудалау бола ма" деп алаңдайтынын жеткізді.

"Бұл біздің жолымыз емес. Бізде журналистер қудаланбайды. Біздің жол – БАҚ-тың бәсекеге қабілетті болуы, аудиторияға керек ақпарат бере білуі", дейді Омаров.

Ол қазір елдегі БАҚ еркін дегенді айтады.

"Бізде журналистер үшін этикалық кодекс керек. Бірақ оны мемлекет емес, журналистердің өздері шығаруға тиіс", дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу