Біздегі өнер иелері шетелдік әріптестерінен кей тұста озық тұр – Дәурен Абаев

1371

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Халықаралық театр күнімен құттықтады.

Біздегі өнер иелері шетелдік әріптестерінен кей тұста озық тұр – Дәурен Абаев

"Достар, бәріңізді театрға баруға, мәдени өмірмен етене араласуға шақырамын. Еліміздегі барлық театр ұжымдарына толайым табыс, жаңа жетістіктер тілеймін! Көрерменді тың туындылармен қуанта беріңіздер!" - деп жазды министр 

Министрдің пікіріне қарағанда, жыл өткен сайын театрларымыз заманға сай түлеп, жаңарып, даусыз жанданып келе жатыр. Актерлердің шеберлігіне, сахнаға, көрермен талғамына қарап-ақ, еліміздегі мәдениет саласының даму қарқынын байқауға болады. 

"Отандық өнер иелерінің шетелдік әріптестерімен шеберлік тұрғысынан деңгейлестігі, кейде, тіпті, өзіндік ерекшеліктерінің арқасында озық тұратыны да айқын байқалады. Бірнеше мемлекетте жұмыс істеп, өзге елдердің де мәдениет ошақтарын көрген адам ретінде бұлай толық сеніммен айта аламын", - деді ол.

Абаев Ф.Молдағали және А.Оспанбаева сияқты жас режиссерлардың М.Әуезов және Ә.Нұрпейісов сынды классик жазушылардың шығармаларын жаңаша кейіпте сахналауға тәуекел етіп, бұл мақсатты ойдағыдай орындап шыққанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу