"Бізді тығырыққа тіреді": "Асар-Уме" басшысы көпшілікке бейнеүндеу жасады

542

Қордың негізін қалаушы Асхат Нұрмашев "Асар-Уме" ресми парақшасында көпшілікке бейнеүндеу жасады.

"Бізді тығырыққа тіреді": "Асар-Уме" басшысы көпшілікке бейнеүндеу жасады Фото: коллаж inbusiness.kz

Ол қорға қарсы ақпараттық тапсырыс жасалды деп санайды. Сондай-ақ Айтбек Амангелдіге арада түсініспеушілік болғанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Адамдардың көп бөлігі наразы. Бұл қалай болғаны? Жылдар бойы халықтың қорына 100, 1000 теңге, одан да көп жібердік. Қаражаттың қажетті жерге жетпегені ме? Меніңше, "Асар-Уме" қайырымдылық қорына қарсы ақпараттық тапсырыс жүріп жатқандай. Қордың қаржылық есептері жалпыға қолжетімді. Бұл есептер туралы мыңдаған адам біледі. Апта сайын шығатын видео есептер де бар. Мыңдаған компаниялар бізбен серіктес болмай тұрып олар аудиторлық тексерістерді қарап, тексереді. Біз оны БАҚ-та қайта түсіндіруге дайынбыз. Қордың тексерістері мен есептері туралы мәселені қоя тұрайық", – дейді қордың негізін қалаушы.

Ол марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты пікір білдірген ерікті үшін кешірім сұрады.

"Бізді басқа мәселе бойынша қараламақшы. Алайда біздің мұндай сұмдық жағдайға еш қатысымыз жоқ және мұндаймен біз ешқашан келіспейміз. Бұл Салтанат Нүкеноваға қатысты қайғылы жағдай. Қазақстан бойынша біздің жүздеген еріктілеріміз бар. Сондай еріктілердің бірі Салтанат Нүкеноваға қатысы пікір білдіріп, өз ойын жазыпты. Осылайша, бізді тығырыққа тіреді. Бұл қате пікір, десе де оның өз пікірі. Ол – "Асар-Уме" қайырымдылық қорының қызметкері емес. Енді бәз біреулер еріктінің пікірі арқылы менің кінәлі етпекші. Жоқ, бұл әділетсіздік. Бұл – бәрімізге ортақ трагедия болды. Біз еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймыз. Бірақ бұл біздің пікіріміз емес. Осымен мәселе жабылды деген сенімдемін. Бәріңізге сенім артып, шыдамдылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Айтбек, түсініспеушілік болды. Еріктінің пікірі үшін кешірім сұраймын. Біз бұл көзқарасты қолдамаймыз. Ол "Асар-Уменің" өкілі емес”, – деді Асхат Нұрмашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу