Біздің "Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді – Тоқаев

159

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайды.

Біздің "Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді  – Тоқаев Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы сондай-ақ халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген әділ әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы жетекші рөлі мен елеулі үлесін жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

– Сіздің "Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығын құру" туралы бастамаңызды конструктивті рухта қолдауға дайынбыз. Біздің "Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді. Сондай-ақ терроризм, сеператизм және экстремизм секілді "үш зұлым күшке" қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты қолдаймыз. Қытайдың бүкіл әлем елдерінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге шақыратын тұрақты ұстанымын бағалаймыз. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын бұған дейін де айттым. Өзара тауар айналымын еселеуге мол мүмкіндігіміз бар. Біздің елдің Үкіметі осы мақсатқа жету үшін табанды түрде жұмыс істейді. Қытай Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі бойынша жетекші орынға ие. Кейінгі 15 жылда оның көлемі 24 миллиард долларға жетті. Екі ел арасында визасыз режим күшіне енді. Қазір "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" өтіп жатыр. Мұның бәрі елдеріміздің түрлі саладағы ынтымақтастығын нығайтуға тың серпін береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу