Біздің дауысымыз нық әрі айқын болуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

1093

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде кеңеске мүше елдерді ынтымақтастығы арта беретініне сенім білдірді.  

Біздің дауысымыз нық әрі айқын болуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Түркі кеңесі аясында ынтымақтастың болашағы зор деп айтуға толық негіз бар екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазіргі халықаралық саясат пен қарым-қатынаста Түркі әлемінің маңызы арта түскені баршаға мәлім. Ендеше, Түркі кеңесі аясында ынтымақтастың болашағы зор деп айтуға толық негіз бар. Біз өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша өзіміздің көзқарасымызды білдіруіміз керек. Біздің дауысымыз нық әрі айқын болуға тиіс. Осы орайда біз барлық бастамалар мен ұсыныстарды бауырлас елдермен бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз", –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу