Біздің ел соғысты қаламайды – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі

1557

Ирандағы жағдайға қатысты НАТО шұғыл кеңес өткізбек.

Біздің ел соғысты қаламайды – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күн өткен сайын өршімесе, бәсеңдейтін түрі жоқ. Бүгін Солтүстік атлант альянсы Ирандағы жағдайға қатысты шұғыл кеңес өткізетіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг дүйсенбі күні, яғни бүгін Брюссельде кезектен тыс жиын болатынын хабарлады. Ал АҚШ-тың өкілдер палатасы болса Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттілігіне шектеу қоятындарын жариялады. Бұл туралы конгресс спикері Нэнси Пелоси мәлімдеді. Оның айтуынша, нақты шешім осы аптада шығарылады.

Бұл саяси ахуалға қатысты Atameken Business тілшілері АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігіне хабарласып, елшінің пікірін білген еді. Уильям Мозер мырза АҚШ халқы ешқандай соғысты қаламайтынын мәлімдеді.

"Менің айтқым келетіні АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлағандай, біздің ел  соғысты қаламайды. Сулейман мырзаға қарсы әрекетті халқымызды қорғау үшін, Таяу Шығыстағы соғыстың алдын алу үшін жасадық. Біз білеміз, Сулейман мырза АҚШ-қа қарсы көптеген әрекетке жауапты тұлға. Соның бірі Бағдаттағы АҚШ елшілігіне жасаған шабуылы",– дейді Уильям Мозер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу