Ол қаңтар оқиғаларынан бері бірнеше ай өтсе де, экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістер байқалмайтынына алаңдайды.
"Сондықтан біз бүгін Bizdin Tandau саяси партиясын құрғанымызды мәлімдейміз. Бұл біздің демократия, бостандық, әділеттілік үшін таңдауымыз", - деді Әбілов.
Оның айтуынша, партия мүшелерінің басты шарттарының бірі - Конституцияға өзгеріс енгізу.
"Біз суперпрезиденттік билік болды және солай болып қала береді деп ойлаймыз... Біз еліміздің Конституциясына өзгеріс енгізуді, халықтың еркі бойынша адал сайлауда депутаттар сайланатын және Парламентте Қазақстан халқының атынан өкілдік ететін және олардың алдында тікелей жауап беретін парламенттік сайлауға көшуді ұсынамыз", - деді Әбілов.