"Біздің үн – Отан": астаналық оқушылар Республика күніне орай бейнежоба ұсынды

203

Жоба Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық өнерді дәріптеуге және ел бірлігін насихаттауға бағытталған.

"Біздің үн – Отан": астаналық оқушылар Республика күніне орай бейнежоба ұсынды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада №2 Өнер мектебінің оқушылары Республика күніне орай "Біздің үн – Отан" атты шығармашылық бейнежоба әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығармашылық бастама Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты мен қалалық Білім басқармасының қолдауымен іске асырылды.

Бейнежобаның көркемдік желісінде домбыра сыныбында оқитын украин және орыс ұлтының екі оқушысы арасындағы Отан туралы диалог көрініс тапқан. Жасөспірімдер ортақ шаңырақтың қадірі, туған жерге деген құрмет және Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерін біріктіретін ортақ құндылықтар туралы ой қозғайды.

Жобаның музыкалық бөлігінде №2 Өнер мектебінің 100-ден астам домбырашы оқушысы қазақ халқының ұлттық рухын, болмысы мен елдік мұратын айшықтайтын "Ер Тұран" күйін орындайды. Күйдің күмбірлеген үні арқылы жас өнерпаздар халқымыздың бай музыкалық мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің құдіретін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу