"Біздің ұстанымымыз анық": Әшімбаев Зеленскийдің пікіріне жауап берді

496

Әшімбаев Қазақстанның ұстанымы нақты екенін және оның бірнеше рет қайталап айтылғанын атап өтті. 

"Біздің ұстанымымыз анық": Әшімбаев Зеленскийдің пікіріне жауап берді Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Сенат баспасөз алаңында палата спикері Мәулен Әшімбаев Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасындағы соғыстағы ұстанымының нақты еместігіне қатысты" мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Мәулен Әшімбаевтан Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Орталық Азия елдері Кремльге қарап, әрекет етіп, Украинаға тиісті қолдау көрсетпейтіндігі туралы" айтқан сөздеріне түсініктеме беруді сұраған. 

Әшімбаев Қазақстанның ұстанымы нақты екенін және оның бірнеше рет қайталап айтылғанын атап өтті. 

Спикердің сөзінше, ресми Астана соғыста бейбіт адамдардың қаза болуы Украина мен Ресей үшін ғана емес, екі мемлекетпен де тығыз байланыстағы елдер үшін де "үлкен трагедия".

"Қазір Украинадағы қантөгісті тоқтату өте маңызды деп санаймыз. Мұны қай жері түсініксіз?", – деді Әшімбаев. 

Сенатор Қазақстанның екі тарапты келіссөздерге шақырып, келісім алаңын ұсынғанын еске салды.

"Біздің ұстанымымыз анық. Менің ойымша, қазақстандық ұстанымды бұрмалауға келмейді", – деп қорытындылады Сенат спикері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу