Шымкент әкімінің орынбасары қателіктерді түзетуге бір апта уақыт сұрады

996

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың қатысуымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің өкілдері есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Шымкент әкімінің орынбасары қателіктерді түзетуге бір апта уақыт сұрады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген мониторинг барысында аталған өңір әкімдіктерінің ақпараттық ресурстарында біраз олқылық анықталған. 

Оның ішінде ақпараттардың дер кезінде жаңартылмауы, халықтың өтініштеріне жауап бермеу, ұсыныстарды уақытылы ескермеу, ашық талқылаулар туралы тұрғындарды хабардар етпеу сынды мәселелер бар. Бұл ретте министр әкімдік өкілдерін сынға алып, қателіктерді түзетуді тапсырды. 

"Бізге бір апта берсеңіз. Кемшіліктерді бір аптада түзетеміз", – деді  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан. 

"Біз бір ай мерзім белгілейік дегенбіз. Бір апта деп өзіңіз айттыңыз, жақсы", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу