Бізге проблема іздеу емес, бірігу қажет – Дәурен Абаев Олимпиададағы сәтсіздік туралы

1646

Мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа журналистер сұрағына жауап берді. 

Бізге проблема іздеу емес, бірігу қажет – Дәурен Абаев Олимпиададағы сәтсіздік туралы

"Менің жеке пікірім былай: Олимпиададағы сәтсіздікке тек олимпиада комитеті емес, жалпы спорттың дамуына барлығымыз жауаптымыз. Бізге қазір проблема іздеудің керегі жоқ, бар проблеманы талқылағанбыз. Бізге бірлесе жұмыс істеу керек. Адам Олимпиада чемпионы болып тумайды, біз ондаған жылдар бойы жеңімпаздарды дайындап шығуымыз керек...", – дейді Абаев.

Оның айтуынша, сәтсіздіктерден кейін жаттықтырушылар отставкаға кетуі керек.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын шорт-трекші Абзал Әжғалиев Олимпиадаға дейін спортшылар қандай кедергілерге тап болатыны туралы фейсбук желісінде пост  жазған.

Спортшы елдегі талапқа сай келетін жалғыз мұз айдында тұрақты дайындалуға мүмкіндік жоқ, инвентарь алуға қаражат жеткіліксіз және жарақат алған спортшылар өз қаражатына емделеді деген секілді мәселелерді атап өткен болатын.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу