Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы өз бизнесін бастауға мемлекеттен берілетін грантқа байқау жариялады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Байқауға өз ісін бастағысы келген жас кәсіпкерлер, мүгедектер, сондай-ақ 50-ден асқандар қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген үлгі бойынша жазылған өтінім мен байқаудың толық құжаттар пакетін ұсыну керек. Оны өтінім беруші өзі немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы жасай алады.
Өтінімдер Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде қабылданады. Толығырақ мәлімет алу үшін (7212)42-15-05, 42-11-12, 41-06-21 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу