Бизнес "Аshyq-пен" жұмыс істейтін субъектілерге жеңілдік режимін сақтауды сұрайды

646

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева "Ashyq" жобасының статистикасын жариялап, карантин талабын бұзушылардың көбейгенін айтты.

Бизнес "Аshyq-пен" жұмыс істейтін субъектілерге жеңілдік режимін сақтауды сұрайды

"Ел бойынша сырқаттану деңгейі өсіп келеді және локдаун қаупі болып тұрғанда бизнес "Ashyq" бойынша жұмыс істейтін субъектілер үшін жеңілдік режимін сақтауды сұрайды. Мынаған назар аударыңыз. Өкінішке қарай, азаматтар аса сақтықпен қарап жатқан жоқ. Керісінше,  "қызыл" және "сары" статусы бар азаматтардың қоғамдық орындарға барғысы келетіні байқалады. "Ashyq" қақпашы секілді қорғаныс шегінің соңында тұр", - деп жазды Юлия Якупбаева Facebook-те.

Айта кетейік, 14 шілдедегі жағдай бойынша 15 343 бизнес субъекті "Ashyq" жобасына қатысады. Қосымша 800-ден аса өтінім қаралып жатыр. Бәрін қосқанда жобада 16 мыңнан аса нысан бар.

Қосымшаны 4 миллионнан аса адам пайдаланады. 12 сәуірден бері 8 272 адам "қызыл" және 7 272 адам "сары" статуспен анықталды. 15 мыңнан аса азамат карантин талабын бұзып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу