Бизнес-гранттар алуға екінші лек бойынша өтінімдерді қабылдау басталады

218

Екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді.

Бизнес-гранттар алуға екінші лек бойынша өтінімдерді қабылдау басталады Фото: gov.kz

Business.enbek.kz порталында 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге). Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өтініш беру үшін сізге:

- порталда тіркелу;

- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

- бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;

- өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Бизнес грантына кім ие бола алады:

- тіркелген жұмыссыздар;

- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

- мүгедектігі бар адамдар;

- "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;

- өңіраралық қоныс аударушылар;

- аз қамтылған отбасы мүшелері;

- көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу