Бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен

211

Аңғал азаматтар бейтаныс адамға қызметі үшін сый ретінде қомақты ақша аударған.

Бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен Фото: canva.com

34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды. Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық азамат жүгінген, деп жазады Inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сүйеніп.

– Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу