Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды

600

Байқауды елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізеді.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды Фото: gov.kz

Астанада 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Өтінімдер тек kezekte.kz порталы арқылы онлайн форматта 2023 жылғы 7-16 тамыз аралығында қабылданады.

Өз қызметін экономиканың басым секторлар шеңберінде жүзеге асыратын, мемлекеттік грант алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгіну кезінде мемлекеттік тіркелуі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ғана) кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);
5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);
8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

Бұл ретте бизнес-идеяның жаңалығы критерийіне облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

Толығырақ ақпаратты 55-69-21, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-19 телефондары арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу