Бизнес идеяны іске асыру арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды

373

2023 жылы жалпы 9 мың грант берілмек. 

Бизнес идеяны іске асыру арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды Фото: ortcom.kz

Бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар алуға бірінші лек бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру аясында бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға бірінші лек бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші ағын аясында 2,6 мыңға жуық грант беру жоспарланып отыр. Биыл 9 мың адамға грант беріледі. Оған 12,4 млрд теңге қарастырылған", - деді Олжас Ордабаев.

Вице-министрдің айтуынша, оған халықтың әлеуметтік осал топтары қатыса алады. Грант сомасы – 400 АЕК-ке дейін.  Өтінімдерді қабылдау business.enbek.kz порталында онлайн режимде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу