Бизнес иелеріне көбірек қолма-қол ақша шығаруға рұқсат етіледі

429

Тиісті қаулыны Ұлттық Банк Ашық НҚА порталында жариялады.

Бизнес иелеріне көбірек қолма-қол ақша шығаруға рұқсат етіледі Фото: inbusiness.kz

Түзетулерді талқылау 15 тамызға дейін жалғасады, деп жазады Inbusiness.kz.

Шағын бизнес үшін банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу бойынша ай сайынғы лимитті 20-дан 30 млн теңгеге дейін, орта бизнес үшін — 120-дан 160 млн теңгеге дейін, ірі бизнес үшін — 150-ден 200 млн теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

Ұлттық Банк қолданыстағы нормаларды Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіру қажеттілігін алға тартып, түзетулер енгізген. Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелік шетелдік кредиттік ұйымдардың филиалдарын ішкі банк нарығына кіргізуге міндеттейді. Түзетулерді қабылдау аталмыш ережелерді резидент емес банктердің филиалдарына таратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшаны алу лимиттері Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттары бар екінші деңгейдегі банктер мен Қазпошта, сондай-ақ айырбастау пункттеріне қатысты болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу