Бизнес-несиелер көрсеткіші 1 пайызға төмендеген

1211

Елімізде несиенің басым бөлігі ірі бизнеске беріледі. Оған дәлел, үлкен компаниялардың қарыздық үлесінің 22%-ға өсіп, шағын компаниялардың бұл көрсеткіші 59%-дан 50%-ға төмендеуі. 

Бизнес-несиелер көрсеткіші 1 пайызға төмендеген

Бірінші кредиттік бюро ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың сәуір айының соңында ҚР қаржы институттары берген бизнес-несиелердің жалпы көлемі – 16,4 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға төмен. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәуір айында 7%-ға өскен болатын. 

Бизнес-несиелердің шамамен жартысы – 49,7%-ы шағын кәсіпорындарға тиесілі. Бір жыл бұрын оның деңгейі 59%-ды құраған еді. 

Салыстырмалы түрде ірі кәсіпорындарға берілген несие 21,3%-дан 22,2%-ға көтерілген. 
Жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер 4,3% -ды құрады. 2018 жылдың сәуіріндегі аталмыш несиелер 3,8% еді.  

2019 жылдың сәуір айының соңындағы дерекер бойынша, несиелердің басым бөлігін екінші деңгейлі банктер заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге берген. Оның үлесі 91,5%-ды құрады. Бір жыл бұрын мұндай несиелер көрсеткіші 90,1% болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу