Бизнес-несиелер онлайн берілетін болады

1450

Бірінші кредиттік бюро бас директорының пікірінше, шағын және орта бизнеске онлайн несиелер беру болашақта трендке айналады. 

Бизнес-несиелер онлайн берілетін болады

Бұл туралы Алматыда өткен "FCBK: мажорлық нотадағы нарық" конференциясы барысында Бірінші кредиттік бюро бас директоры Руслан Омаров айтты. 

Бірінші кредиттік бюро бас директорының пікірінше, шағын және орта бизнеске онлайн несиелер беру болашақта трендке айналады. 

"Жуырда бірнеше банк пен микро несиелік ұйымдар онлайн режимінде бизнес-несиелер беруді бастайды. Бұл 2020 жылы шағын және орта бизнестің цифрлық дамуына жол ашады.  Мысалы, жыл басынан бері аталған сегментке 85 мың несие берілген. Егер Қазақстанда 400 мың заңды тұлға мен 1 млн жеке кәсіпкер бар екенін ескерсек, аталған нарық жылдам қарқынмен өседі",– деді Бірінші кредиттік бюро бас директоры Руслан Омаров Алматыда өтіп жатқан "FCBK: мажорлық нотадағы нарық" конференциясында. 

Сонымен қатар, Руслан Омаров несие беруді қатаңдату қазақстандықтарды шамадан тыс қарыз алудан қорғау үшін жасалған шара екенін атап өтті. 

"Ұлттық банк несие беруді төмендетуді жоспарлаған жоқ. Реттеуші табысы аз азаматтардың ірі көлемде несие алуын шектеуді көздеп отыр. Қазір несие беру деңгейі қаншалықты төмендейтінін айта алмаймыз. Себебі борыштық жүктеме коэффицентін есептеу тәртібі әлі қаралып жатыр",– деді кредиттік бюро басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу