Бизнес нысандар аумағын дезинфекциялауға басшылығы жауапты болады

635

Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.

Бизнес нысандар аумағын дезинфекциялауға басшылығы жауапты болады

Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды",– дейді әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетсек, 5 шілдеден бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін екі аптаға шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу