Бизнес нысандар қайта жабылуы мүмкін

1210

Осы жолы карантин талабын емес, өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін болып отыр.  

Бизнес нысандар қайта жабылуы мүмкін

Алматы облысында бірқатар дүкен мен базарлар қайта жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Талдықорғандағы ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, "Демеу" мен "Шағын" жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне қарасты сауда орындары үш айға дейін қызметін тоқтатуы тиіс. Осылайша 22 нысанда жұмыс істейтін 10 мың адам нәпақасыз қалмақ. Соның бірінде біздің әріптестеріміз болып қайтты. Анықталғандай дүкен иелері жөндеуге кірісіп, өртке қарсы  құралдарды қоя бастапты. Алдағы уақытта ережеге сай жұмыс істеуге  уәде беріп, жергілікті биліктен қызметтерін тоқтатпауды сұрап отыр. Себебі, карантиннен кейін де жағдай мәз емес дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу