Бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейді

374

Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері айтты.

Бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейді Фото: gov.kz

2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.

Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған.

Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу