Бизнес өкілдерінен "қамқорлығы" үшін ақша алып келген

2315

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz AntikorNews-қа сілтеме жасап.

Бизнес өкілдерінен "қамқорлығы" үшін ақша алып келген

Ол өзін мониторингтік топтың мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін олардың қамқорлығы және карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату бойынша мүмкіндіктері мен өкілеттіктерінің бар екендігін айтып алдайды. Оған сенген ойын-сауық орындарының өкілдері ай сайын күдіктіге жалпы қамқорлығы және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген.

Лауазымды тұлғалардың бұл іске қатыстылығы тексеріледі.

Күдікті адам ұсталып және оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу