Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов бизнеске қатысты тексеруді тоқтата тұруды сұрады

816

Кәсіпкерлер мемлекеттік инспекторлардың өздері ауруды тасымалдаушы болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов бизнеске қатысты тексеруді тоқтата тұруды сұрады

Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов еліміздің Премьер-министрі мен Бас прокурорына кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарланған тексерістерді Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген карантин аяқталғанға дейін кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылдауды сұрап хат жолдады.

Ел Президентінің Қазақстандағы қызметкерлерді 70%-ға дейін қашықтықтан жұмысқа ауыстыру тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы көптеген кәсіпорын мен ұйымдар қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберді, қалған бөлігі қысқартылған күн тәртібі бойынша жұмыс істейді.

Осындай жағдайда бақылаушы органдар тарапынан тексерулер басталды және олар келген кезде барлық жауапты қызметкерлер жұмыс орнында болмайды, ал кейбір объектілер жабық.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мемлекеттік инспекторлардың өздері ауруды тасымалдаушы болуы мүмкін деп қауіптенеді, себебі олар бірнеше тексеру субъектісінде болады ғой.

Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлерде көптеген сұрақ  туындады. Бизнес-омбудсменнің атына және "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден көптеген шағым түсіп жатыр.

Бұл ретте, өртке қарсы қауіпсіздік органдары сияқты кейбір мемлекеттік органдар үй-үйді аралау, ұсынымдарды тарату және халық арасында оқыту жүргізуді тоқтата тұрғанын, ал кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты осындай шаралар қабылданбағанын атап өту қажет, бірақ дәл осы бақылау субъектілері жабылып, қызметкерлерді босатып, өз қызметін төтенше жағдай режимінде оңтайландырып жатыр.

"Сонымен қатар, карантин талаптарының орындалуын бақылаумен тікелей байланысты тексерулер, сондай-ақ халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қауіп төндіретін бұзушылықтардың алдын алуға және жоюға бағытталған тексерулер толық көлемде жүргізілетінін атап өткім келеді", – дейді Рустам Жүрсінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу