Астана полицейлері қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде ұрлық жасаған екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары 25 қаңтар күні кешкі сағат 18:00-де әйел адамның ұялы телефонын ұрлап кеткен күдіктілерді іздеп жатыр. Сонымен қатар, 24 қаңтарда кешкі 17:00 шамасында Петров көшесіндегі дүкендердің бірінде Астана тұрғынының қолындағы сөмкеден ақша ұрлаған күдікті іздестіріліп жатыр. Астана ІІД аталған қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан "Алматы" аудандық ІІБ-ге келуін сұрайды немесе 8 (7172) 71-67-45 және 102 телефондарына қоңырау шалуын өтінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу