Бизнес өзінің айналымдағы капиталын толтыру үшін жеңілдетілген несие алады

817

Пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлерге шамамен 600 млрд теңге шығындалды.

Бизнес өзінің айналымдағы капиталын толтыру үшін жеңілдетілген несие алады

Кәсіпкерлерді қолдауға 1 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы finprom.kz басылымы хабарлады.

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғалы, Ұлттық банк пен үкімет кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 1 трлн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлерге шамамен 600 млрд теңге шығындалды. Яғни бизнес өзінің айналымдағы капиталын толтыру үшін екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алады. Оның мерзімі – 1 жыл, мөлшерлемесі 8 пайыздан аспайды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ұлттық банк азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті қысқарту үшін тағы да 400 млрд теңге бөледі. Бұл бастама экономиканың басым салаларына жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу