Бизнес пен халыққа 3-4 пайызбен кредит беру керек

1072

Инфляцияны тежегеннен экономиканы қаржыландырған дұрыс.

Бизнес пен халыққа 3-4 пайызбен кредит беру керек

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов осындай пікір білдірді. Халық қалаулысы Ұлттық банк экономиканы кредиттеуді 3-4 пайызға дейін төмендете алатынын айтты. 

"Меніңше, Ұлттық банктің экономиканы 3-4 пайызбен кредиттеу үшін базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі бар", – деді Аманжан Жамалов. 

Ол Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеуге әрі оны жинақтауға бағытталған ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына түзету енгізуді сонымен қатар бюджеттік және квазибюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін қайта бағалауды ұсынды. 

"Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, бизнес пен халыққа 3-4 пайыздық мөлшерлемемен банктік кредиттеу бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын. 
Инфляцияны тежегеннен гөрі экономиканы қаржыландырған дұрыс деп санаймын. Салыстыру үшін айтайын, Ресей банктері батыл әрекетке қадам жасап, баға өсімінің барлық тәуекелдеріне қарамастан, негізгі мөлшерлемені 5,5 пайызға дейін төмендетті", – деді Аманжан Жамалов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу