Бизнес салымдар: Қай банктер көш бастап тұр?

670

Қаңтар айында отандық банктердегі бизнес салымдардың жиынтық көлемі 314,2 млрд теңгеге (2,1%-ға) қысқарды. 

Бизнес салымдар: Қай банктер көш бастап тұр? Фото: google

1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі екінші деңгейлі банктерде заңды тұлғалардың салымдары 14,4 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 1,9 трлн теңгеге артық. Бұл банк салымдарының жалпы көлемінің 46,1%-ын алады, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Жылдық өсім бойынша көшбасшы банк – Halyk Bank: + 906,3 млрд теңге, 5,2 трлн теңгеге дейін. Ресурстың жазуынша, оның корпоративтік салымдар нарығындағы үлесі – 36%. Halyk Bank-тегі корпоративтік салымдар салымдардың жалпы көлемінің 50,5%-ын құрайды. 

Бизнес салымдарының жылдық өсімі бойынша екінші орында Банк ЦентрКредит: +751,1 млрд теңге, 1,3 трлн теңгеге дейін. Бұл қаржы институттары корпоративтік салымдарының жиынтық көлемінен 9,4%-ды құрайды. Банктің жалпы депозиттік портфеліндегі заңды тұлғалардың салымдарының үлесі – 41,6%.

Көшбасшылар үштігінде Bank RBK бар: +469,2 млрд теңге, 890,8 млрд теңгеге дейін. Бұл елдегі екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғалардың депозиттер нарығының 6,2%-ы. Қаржы институтының салымдарындағы бизнес үлесі – 65,5%.

Секторда 21 қаржы институтының арасында 14-і ғана жылдық динамикада оң көрсеткішке ие, оның ішінде үздік ондыққа кіретін 9 банк бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу