Бизнес салымдары бойынша көшбасшы банктер

676

Екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғалар салымы бір айда 912 миллиард теңгеге өсті.

Бизнес салымдары бойынша көшбасшы банктер

Бизнес қазіргі геосаяси дағдарыс пен әлемдегі жалпы тұрақсыздық жағдайында ірі қаржы институттарын таңдайды, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

1 тамызға қарай отандық банктердегі заңды тұлғалардың депозиттері 13,64 трлн теңгеге жетті. Осылайша бір айда 911,9 млрд теңгені құраған.

Соның ішінде 374,8 млрд тг "Halyk Bank"-ке тиесілі. Бұл банк бизнес салымдары бойынша көш бастап тұр. Қаржы институтында заңды тұлғалардың салым портфелі 5,46 трлн теңгеге жетті. Бұл елдегі бүкіл корпоративтік салымдар нарығының 40%-ы екендігін атап өту қажет. Бір жыл ішінде банк бірден 1,18 трлн теңге қосты.

Корпоративті салым көлемінің айлық өсімі бойынша үштік қатарында "Ситибанк Қазақстан" мен "Еуразиялық банк" бар.

"Ситибанк Қазақстан" тек корпоративтік сегментте жұмыс істейді. Бір жыл ішінде банк портфелі 286,3 млрд теңгеге ұлғайды. Бүгінде банктің корпоративтік салымдар нарығындағы үлесі 8,5%-ды құрайды.

"Еуразиялық банкте" бір жыл ішінде салым портфелі 237,7 млрд теңгеге артты. Корпоративтік салымдар нарығындағы үлесі – 6,3%.

"Еуразиялық банк" пен "Halyk Bank" банктердегі салымдар портфельдері тепе-теңдікпен ерекшеленеді. Мысалы,  "Еуразиялық банктегі" корпоративтік сегмент 58%-ды, ал "Halyk Bank"-те жиынтық депозиттік көлем 53,7%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу