Бизнес субъектілері Ashyq мобильді қосымшасын қолдануға мүдделі болуға тиіс – Алмат Жүнісов

1274

Карантин тәртібін бұзған сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері Ashyq мобильді қосымшасынан шығарылады.  

Бизнес субъектілері Ashyq мобильді қосымшасын қолдануға мүдделі болуға тиіс – Алмат Жүнісов

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісовтің мәлімдеуінше, елорданың сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері қалаға толық локдаун енгізбеу үшін Ashyq мобильді қосымшасымен жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне адамдар көп жиналса, коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғарылайтынын білеміз. Осыған байланысты қауіпсіз жұмыс тәртібін орнату және қаланың қалыпты өміріне өзгеріс енгізбеу үшін бизнес субъектілері Ashyq мобильді қосымшасын қолдануға мүдделі болуға тиіс деп санаймыз", – деді Алмат Жүнісов.

Оның айтуынша, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері Ashyq мобильді қосымшасын пайдаланбаса, меймандардың келгенін тіркемесе, жобадан бірінші рет 2 апта мерзімге, екінші рет 2 ай мерзімге шығарылады. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу