Бизнес тарапынан жасалатын есептердің саны қысқармақ

645

 Бизнес тарапынан жасалатын есептердің саны қысқармақ

Ұлттық экономика министрлігі бизнес тарапынан жасалатын есептердің санын қысқартпақ. Себебі, олардың басым көпшілігі бір-біріне ұқсас әрі негізсіз боп келеді екен. Қазіргі таңда ведомство тексерудің нәтижесінде есептің 1200 түрін анықтап отыр. Енді осыдан кейін, министрлік бірыңғай тізім жасауды қарастырып отыр. Егер бұл іс жүзеге асса мемлекеттің алдағы көрсетілген есеп бойынша бірде бір ақпарат сұратуға құқы болмайды. Бұл бизнесмендердің жұмысын едәуір жеңілдетпек.

Асланбек Жақыпов, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары:

"Бүгінде бизнесмен тарапынан жасалатын есептің 1200 ден астам түрі анықталып отыр. 2000 жылдардың басында енгізілген есептердің не үшін қажет екенін мемлекеттік органдардың өздері де білмейді. Осының бәрі бизнеске салмақ түсіреді."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу