Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ – министр

377

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ – министр Фото: Парламент Сенаты

"Елімізде шұғыл медициналық көмек көрсететін бірқатар жеке медициналық ұйым бар. Олар жеделділік санаттары бойынша шақыртуды ажыратпайды. Яғни, бұл - дәрігерді ақылы негізде үйге шақыру қызметі. Сонымен қатар жедел медициналық көмек көрсету - мемлекеттің кепілі, еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтауға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету. Ал бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ", - деді министр жауабында.

Министрдің айтуынша, елімізде жедел медициналық көмектің барлық шақыртулары 4-жеделділік санатына бөлінеді. Мұнда 1-санат өмірге тікелей қатер төндіретін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап етеді – 10 минут, 2-санат (медициналық көмекті талап ететін, өмірге әлеуетті қауіп төндіретін төндіретін) – 15 минут, 3-санат (медициналық көмекті талап ететін, денсаулыққа әлеуетті қауіп төндіретін) – 30 минут, 4-санат (жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп қатер төндірмейтін пациенттің жай-күйі) – 60 минут.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу