Бизнес үшін карантин талаптары жеңілдетілді

1025

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнеске қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Бизнес үшін карантин талаптары жеңілдетілді

"Ashyq" бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70%-ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі:

– (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;

– (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;

– балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды;

– эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан (“қызыл”, “сары” және “жасыл”) ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу