Бизнес-жоспарын сәтті қорғағандарға қайтарымсыз грант тағайындалады

1627

"Бастау бизнес" жобасына қатысуға өтінім беру үшін ең әуелі жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. 

Бизнес-жоспарын сәтті қорғағандарға қайтарымсыз грант тағайындалады

Бұл туралы "Атамекен" ҰКП жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыга айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұнда мамандар сіздің мақсатты аудиторияға сәйкес келетіндігіңізді анықтайды. Талапқа сай болсаңыз, оқуға жолдама беріледі. Жұмыспен қамту орталығына жеке куәліктің көшірмесін апару қажет. Жобаға қатысуға қатысты өтінімді  atameken.co сайтына жолдап, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы жүктеу керек", – деді департамент директоры.

Анастасия Шандрыга кәсіпкерлерге арналған тегін біліммен сусындаған кез келген түлек мемлекеттік гранттан үмітті болатынын айтты. 

"Бизнес-жоспарын сәтті қорғаған азаматтарға кәсіп бастау үшін қайтарымсыз грант тағайындалады", – деді ол. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу