Бизнесін дамытқысы келетіндерге 100 тігін машинасы берілді

749

Техниканы БАӘ-нің еліміздегі елшісі доктор Мұхаммед Ахмед Әл-Жабир табыстады.

Бизнесін дамытқысы келетіндерге 100 тігін машинасы берілді

Астана қаласы әкімдігі мен БАӘ елшілігі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға 100 тігін машинасын сыйға тартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде Астана әкімдігі БАӘ елшілігімен бірлесіп, бірқатар шараны іске асыруда. Соның бірі "Өндірісті отбасы" қайырымдылық жобасы. Халықтың әлеуметтік осал тобының адамдарын қолдау үшін әмірліктің еліміздегі елшісі доктор Мұхаммед Ахмед Әл-Жабир мұқтаждарға 100 тігін машинасын сыйға тартты.

"Астана әкімдігі көмекке мұқтаж санаттағы адамдарды анықтады. Әрбір мекеме тізімді жасақтады. Заманауи тігін машиналары мешітке, дін мәселелерін зерттеу орталығына, дағдарыс орталығына жүгінетін қыз-келіншектерге берілді. Сондай-ақ машиналар тігін мен пішуді үйренгісі келетіндерге де сыйланды. Болашақта бұл олардың өз ісін ашып, жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі де мүмкін", - дейді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин. 

Айт кетейік, жастар мен әйелдерді ары қарай өз ісін дамыту үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығы тігін мен киім пішуді үйрететін тренингтер мен мастер-кластар ұйымдастыратын болады. 

Астанада 2018 жылдың басынан бері Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде Халықты жұмыспен қамту орталығы 700 адамды қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өткізді, оның ішінде жұмысқа тұрмаған жастар да бар. Қазіргі таңда 333 адам оқытудан өтіп жатыр (аспаз – 24, шаштараз – 48, тігін – 44, ерлер тігіншісі – 41, наубайшы – 22, касса бақылаушысы – 17, тәрбиеші – 17, администратор – 3, маникюр шебері – 25, кондитер – 25, сауда менеджері – 8). 

Оқыту кезінде ай сайын 16 59 теңге көлемінде стипендия төленеді. Оқуды сәтті аяқтаған соң куәлік пен біліктілік беріледі, жұмысқа тұруға және жаңа кәсіп меңгеруге көмек көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу