Бизнеске арналған барлық қызмет онлайн-платформаға көшеді

629

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексеру жүргізуге 3 жылдық мораторий қолданылып жатқанын еске салып, шара шеңберінде 1 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тексеруден босатылғанын жариялады.  

Бизнеске арналған барлық қызмет онлайн-платформаға көшеді

"Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме төмендетілді. Бұл бизнес жүргізудегі тұрақтылыққа ықпал етеді", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, "Бизнеске арналған үкімет" онлайн-платформасы негізінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы іске қосылды.

Осы арқылы 200-ге жуық мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қолдау шарасы ұсынылды.

"Өз бизнесін дамыту мәселесі бойынша қызметтердің барлық спектрін онлайн-режимде пайдалануға болады. 11 өңірде толық форматты офлайн кеңселер жұмыс істейді", – деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, 2021 жылға қарай бизнеске арналған барлық қызметтер онлайн-платформаға интеграцияланып, 6 өңірде офлайн офис іске қосылады. 

"Биыл бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған реформалардың 8-пакеті қабылданды. Бірқатар қызметтер электронды форматқа ауыстырылды. Жылжымайтын мүлік мәмілелерінің қауіпсіздігі артты, құрылысқа қатысты  бірқатар талаптар алынып тасталды", – деді ұлттық экономика министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу