"Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисі қашан қосылады?

746

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультация алуы жеңілдейді. 

"Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисі қашан қосылады?

Бұл сұраққа үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді. 

Министрдің мәлімдеуінше, "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисі "ақылды реттеу" элементтерін ескере отырып, қыркүйек айында қызметіне толық кіріседі. 

"Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультация алуын жеңілдету мақсатында бизнес үшін "Біріңғай терезенің" толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мемлекеттің қолдауын барынша сезіну үшін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері қабылдаған міндеттемелерді жедел мониторингілеу үшін цифрландыру құралдары белсенді пайдаланылатын болады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу