Бизнеске берілетін өтемақыға салық салынбайды

1008

Жеңілдік жаппай тәртіпсіздік кезінде шығынға ұшырап, тоналған кәсіпкерлерге қарастырылған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Бизнеске берілетін өтемақыға салық салынбайды

"Қазір Ұлттық экономика министрлігінің алаңында бизнесті қолдауға бағытталған түзетулер талқыланып, әзірленуде. Онда залалды өтеуге бағытталған төлемдерге салық салуды алып тастауды қарастырылған. Қазір осы бағытта түзетулер енгізілмек", – деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

Сонымен қатар спикер қазіргі кезде салық саласын автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Оның ішінде ірі бизнеске қатысты тұстары көп. Алдағы уақытта нақты қандай өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз", – деді комитет басшысының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу