Бизнеске берілген несиелер саны артты

Бұл негізінен ірі кәсіпкерлікке қатысты.  

Бизнеске берілген несиелер саны артты Фото: google.com

Кәсіпкерлерге мақұлданған өтініштердің үлесі екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 73,5%-ды құрады. Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап көрсеткіштің үздіксіз өсуі байқалды. Аталған кезеңнен бері ол бірден 28,9 пайыздық тармаққа өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Орта бизнесте 2022 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда өтініштерді қанағаттандыру көрсеткіші 2,7 пайыздық тармаққа өсіп, 50,9% жетті. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін несие ресурстарының қолжетімділігі үш айда 3,8 пайыздық тармаққа төмендеп, 38,7%-ды құрады.  Дегенмен, бұл екі жылдық орташа тоқсандық көрсеткіштен әлі де жоғары (38,4%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу