Бизнеске қолайлы аймақтар рейтингінің нәтижелері бойынша құжат ұсыну мерзімі өзгереді

525

Тиісті құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Бизнеске қолайлы аймақтар рейтингінің нәтижелері бойынша құжат ұсыну мерзімі өзгереді Фото: inform.kz

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер дайындады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады", - делінген Жарлық жобасына салыстырмалы кестеде.

Бүгінгі таңда рейтинг нәтижелері 30 қазаннан кешіктірмей ұсынылатынын атап өту қажет. 

"Жарлық жобасымен Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларына бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер рейтингін өткізу мерзімдерін оңтайландыру бөлігінде өзгеріс енгізіледі", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты ашық талқылау 20 сәуірге дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу