Бизнеске несие беру көрсеткіші артты

1265

Кәсіпкерлік субъектілер арасында қайта құрылымдалған несиелер көлемі өскен.

Бизнеске несие беру көрсеткіші артты

Бірінші кредиттік бюроның мәліметтері бойынша 2021 жылы бизнестің барлық түрлеріне несие беру 19,1%-ға артып, 12,25 трлн теңгені құрады, деп жазды inbusiness.kz.

Бизнес субъектілеріне байланысты көрсеткіштер әртүрлі. Мәселен:

- 2021 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер 26,8%-ға өсіп, 6,3 трлн теңгені құрады,
- Орта кәсіпкерлікке 1,8 трлн теңге беріліп, көрсеткіш 15,9%-ға өсті,
- Ірі бизнеске 3,41 трлн теңге берілді, өсім 0,3%, 
- Жеке кәсіпкерлерге берілген сома 2,1 есе өсіп, 0,75 трлн теңгені құрады. 

Кәсіпкерлік несиелерді беру құрылымында екінші деңгейді банктер алдыңғы қатарда. Олар 2021 жылы бизнеске 11,08 трлн теңге бөлді, бұл несиелердің жалпы көлемінің 90%-ын құрады.

"Пандемиядан кейін 2021 жылы бизнес қолдауға мұқтаж болды және бұл кезең бизнесті қолдау жылы болып жарияланды. Демек бизнесті несиелендіру көлемін ұлғайту міндеті орындалды", – деп атап өтті Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров.

Спикердің сөзінше, кәсіпкерлік субъектілері арасында қайта құрылымдалған несиелер көлемі де өскен. 2021 жылы ол 2,5 есеге артып, 125,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте мұндай несиелердің жалпы несиелер көлеміндегі үлесі 0,5%-дан 1%-ға дейін артты. 

"Қайта құрылымдалған несиелер – бір қаржы институтының ішінде қайта құрылымдалған қаржы, бұл кезде қарызды төлеу мерзімі өтіп кеткен немесе борышкер оның алдын алу мақсатында несиелік мекемеге жүгінген", – деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу