Бизнеске заңсыз араласқан 6 лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды

1454

Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.  

Бизнеске заңсыз араласқан 6 лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды Фото: pixabay.com

Оның ішінде 5 іс сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген еді.

Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:

  • "Бизнеске жол" жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;
  • Кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
  • Адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау. Ол үшін Агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритм әзірленіп, қолданылуда (жеткізуді, ұстауды; күдікті ретінде тануды; қорғауға құқығы бар куә, куә ретінде жауап алуды; тінту, алу, тексеру, құжаттаманы алу, жоспардан тыс тағайындауды келісу көзделген тексерулер; тыйым салу, мүлікке уақытша шектеулер белгілеу).

Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу