"Бизнеске жол": 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

195

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

"Бизнеске жол": 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды Фото: Pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 36 420 кәсіпкердің, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап 7 420 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бизнес субъектілерімен 12 мыңға жуықтергеу әрекетін жүргізу туралы барлығы 1 929 қорытынды қаралды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Заң бойынша бұндай заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

2023 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-ізаңсыз іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ол мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы заңсыз хабарлама енгізген. Нәтижесінде басқа ұйым жеңімпаз деп танылды. Кәсіпкер лауазымды тұлғаның бұл әрекеттеріне сотқа шағымданған.

Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу