Бизнесмендер Алматыны дамыту мәселелерін талқылады

877

Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Бизнесмендер Алматыны дамыту мәселелерін талқылады

Алматыда Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда "Алматы-2050" cтратегиясындағы басты бағыттарды іске асыру мақсатында құрылған салалық тоғыз комитет төрағалары кездесті. Олар  осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қаланы дамыту бойынша ойларымен бөлісті. Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің талқылаған негізгі тақырыптары "ақылды", қауіпсіз әрі шетсіз қала жоспары мен шағын және орта бизнесті ілгері жылжыту мәселелеріне қатысты болды. 

"Іскерлік кеңестің даму стратегиясын талқылау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары біз үшін пайдалы әрі мазмұнды. Бизнесмендердің өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісуге, қала және оның тұрғындары үшін бастамалар мен бағдарламаларды бірге жүзеге асыруда ресурстарды пайдалануға дайын екендігі қуантады",– деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Кездесуге "СК "Сентрас Иншуранс" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, "Қазақстан  Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, "AB Restaurants" ЖШС басқарушы директоры Асқар Байтасов, "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, "Ernst&Young" Қазақстан және Орта Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, "Lancaster Group" директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Берік Қаниев, "Ракурс" ЖШС серіктесі Досым Қыдырбаев, "RG Brands" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев қатысты.

Жиынның соңында бизнесмендер Іскерлік кеңестің 2020 жылғы жұмыс жоспарын талқылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу