Бизнесмендерден прокуратураға түсетін шағым 4 есе көбейді

480

Кәсіпкерлер жөнсіз тексерістерге шағымданды

Бизнесмендерден прокуратураға түсетін шағым 4 есе көбейді

Жөнсіз тексеріс пен аяқтан шалу сынды бассыздыққа барған тек мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен сот орындаушыларынан 150 адам жазаланды. Оның 24-і басшылар. Прокуратурадан да араша сұрап, шағым жазатын кәсіпкерлердің саны 4 есе көбейген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осыдан 7-8 жыл бұрын жылына 17 мыңдай арыз түссе, қазір 70 мыңға жуықтайды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен жиында айтылды. Кәсіпкерлер құқын қорғайтын уәкілдің сөзінше, шағымданушылардың көпшілігі айыппұлдар мен мемлекеттік сатып алуға шүйлігеді.  

"Тексерулерге келетін болсақ, бүгіннен бастап тәуекелдерді басқарудың барлық жүйесі автоматтандырылуы тиіс норма күшіне енді, автоматтандыру болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілер санының 5%-дан аспайтын мөлшерін тексеруге құқылы. Басқаша айтқанда, тексерулердің 95%-ын биылдан бастап сандық жүйе анықтайды. Егер бәрі автоматтандырылған болса, біз заңсыз тексерулерге қатысты шағымдар санын едәуір азайтамыз", - деді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов

Десе де, кәсіпкерлер палатасындағылар бизнес иелеріне іс қозғау 4 есе азайғанын айтып отыр. Олардың банктік шоттарын бұғаттау мәселесі де шешілген көрінеді. Биыл 21 мыңнан астам салық ұйғарымының күші жойылып, 1260 кәсіпкер әкімшілік жауапкершіліктен босатылған. Осылайша 4,5 мыңнан астам заңсыз тексерудің жолы кесіліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу